Батыс Қазақстан облысында өзеннен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі мәлім еткен.
Қайғылы оқиға 13 желтоқсан күні Бәйтерек ауданы аумағында болған.
“Шамамен сағат 12.00-де Садовое ауылы маңында Шаған өзеніндегі мұздың үстінен ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Ер адамның кім екені анықталды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді”, - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.