Батыс Қазақстан облысында жол апаты болып, салдарынан 12 адам зардап шегіп, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Мой город" сайтына сілтеме жасап.
"7 қаңтарда сағат 13.30-да Бәйтерек ауданы Янайкино ауылының маңындағы Орал-Атырау тас жолында Chevrolet Nexia және Toyota Ipsum автомобильдері соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен 1 жолаушы қаза тапты. Барлығы 12 адам зардап шекті, алтауы - балалар", - делінген хабарламада. 1956 және 1988 жылы туылған ер адамдар мен 1953 жылы туған әйелдің қаза тапқаны анықталды.Related news

"Адырна" ұлттық порталы