Мәдениет және спорт министрі ауысты

2642
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Депутаттар Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалатын Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері А. Райымқұловаға бірқатар сұрақтар қойды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың кандидатурасы Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.

 

Дереккөз: https://politic.bugin.kz/5100-madeniet-dgane-sport-ministri-auysty

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер