Мәскеудегі қазақ қауымдастығының басшысы 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

2443
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Мәскеудегі қазақ қауымдастығының басшысы Полат Жамаловқа қарсы Ресей армиясы туралы жалған мәліметтерді тарату бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Верстка» басылымы бұл істі өткен жылдың қыркүйегінде Мәскеудің солтүстік-шығыс округінің аса маңызды істерін тергеу бөлімі бастағанын хабарлайды. Бұл оқиғаға Жамаловтың Facebook-тегі жазбасы себеп болған. Жазбада 2022 жылдың тамыз айының ортасына қарай Украинада 49 мыңға жуық ресейлік әскери адам қаза тапқаны және Мәскеу соғыстағы шығындарды ашып көрсетпейтіні туралы айтылған.

Сондай-ақ БАҚ 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда жаппай наразылықтар мен тәртіпсіздіктер кезінде Жамаловтың Ресей әскерінің елге кіруін оккупация деп атағанын да атап өтеді.

Аталған бап бойынша, Жамалов 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ресей соттары Украинаға басып кіру туралы кез келген сынды және Кремльдің ресми ұстанымына сәйкес келмейтін соғыс туралы ақпаратты жалған деп таниды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер