Бокстан әлем чемпионы Санжар Ташкенбай Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге аттанды

1445
Adyrna.kz Telegram
Санжар Тәшкенбайдың Instagram парақшасынан
Санжар Тәшкенбайдың Instagram парақшасынан

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі, 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Ташкенбай Ұлттық ұлан сапында Отан алдындағы борышын өтейді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

5571 әскери бөлімінің парад алаңында барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан әскери борышын өтеуге келген 700-ге жуық жас сарбаздың салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Жауыргерлер қатарында Санжар Ташкенбай да бар.

«Әскер – жас жігітке көп нәрсе беретін нағыз өмір мектебі. Мен үшін, боксшы ретінде бұл өте маңызды. Ұлттық ұлан қатарына шақырылғанымды мақтан тұтамын. Мен абыроймен қызмет атқарып, әскери бөлімнің туын жоғары ұстаймын», - деді қатардағы жауынгер Ташкенбай.

Санжар Ташкенбай бокстан 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының және 2021 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы.

2023 жылдың мамыр айында 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, Ташкентте өткен әлем чемпионатында Қазақстанға алғашқы алтынды әкелді.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер