Атырау әкімінің орынбасары тендерде қателік кеткенін мойындады

1262
Adyrna.kz Telegram

20 қараша күні Адырна ұлттық порталында «Атыраулықтар 1 миллиард 267 миллион теңгеге 39 үй сатып алмақ» деген мақала жарияланған болатын. Сол мақалаға қатысты қала әкімінің орынбасары  Серік Нсанбаев жауап берді, - деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы.

Адырна тілшісі Атырау қалалық әкімдігі өткізген 1 миллиард 267 миллион теңгелік мемлекеттік сатып алудың техникалық сипаттамасындап 3 бөлмелі үйдің алаңы 40-60, 2 бөлмелі үйдің алаңы 20-40 шаршы метрден кем болмауы керектігі көрсетілгенін, ал «Функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану мінездемесін сипаттау» деген бөлімде үш бөлмелі пәтердің ауданы кемінде 97, екі бөлмелі пәтердің ауданы 75 шаршы метрден кем болмауы қажеттігі айтылғанын жазған болатын.

Артынша, әкімдікке «Техникалық сипаттамадағы бұл сәйкессіздік қателік пе? Атырау қалалық құрылыс бөлімі үшін 97 шаршы метр мен 40-60 шаршы метр аумақтың айырмасы жоқ па?» деген сауал жолдаған.

Бұл сауалға Атырау қаласы әкімінің орынбасары  Серік Нсанбаев:

«Қала әкімдігі Сіздің өтінішіңізде аталып отырған мәселе бойынша Ұлттық қор және облыстық, республикалық бюджет есебінен 1 267 000,0 мың теңге (редакция: 1 миллиард 267 миллион теңге) қаражат бөлініп, 39  тұрғын үй сатып алынған болатын. Алайда техникалық сипаттаманың «Лоттың сипаттамасы» бөлімінде 3 бөлмелі үйдің алаңы 40-60, 2 бөлмелі үйдің алаңы 20-40 шаршы метрден кем болмауы тиіс деген жерінде техникалық қателіктер орын алғандығын хабарлайды. Осығын сәйкес қазіргі таңда 3 бөлмелі  пәтер ауданы кемінде 97,  2 бөлмелі пәтердің ауданы 75 метрден конкурсы ойнатылып, мердігер мекеме анықталып, осыған сәйкес келісім шарт жасақталып, аталмыш тұрғын үйлердің барлығын қабылдап алғандығын хабарлайды» деп жауап берді.

Қанат Бірлікұлы

Адырна ұлттық порталы

 

 

Пікірлер