"Бұл – саяси қудалау". Заңгер Жанна Уразбахова Дина Таңсәріні қолдайтынын айтты

1498
Adyrna.kz Telegram
Фото: бейнеден алынған
Фото: бейнеден алынған

Белгілі заңгер Жанна Уразбахова Дина Таңсәріге жарияланған іздеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Заңгер Жанна Уразбахова әлеуметтік желідегі парақшасында "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәріні толығымен қолдайтынын айтып, жазба жариялады.

"Мен Дина Таңсәріні толығымен қолдаймын. Біз бес жылдан бері байланыстамыз. Мен бұл әйелдің істеп жүрген жұмысының барлығын қолдаймын. Дина балалар мен әйелдерге көп жақсылық жасаған әйел. Мен Динаны толығымен қолдаймын. Бұл – саяси қудалау”, – деді заңгер.

Жанна Уразбахованың ойынша, Дина Таңсәріге кінә артпай, алғыс айтылуы керек.

"Дина жасап жүрген дүниелері үшін алғыс алуы керек адам. Құқық қорғау органдарының әртүрлі ақпараттарына сенбеу қажет. Олар өздерінің тарапына жасалып жатқан сынды естігісі келмейді”, –дейді Жанна Уразбахова.

Пікірлер