Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барған президенттер Санкт-Петербург қаласындағы мәдени нысандармен танысты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
ТМД мемлекеттері басшыларының бірлескен экскурсиясы «Павловск» мемлекеттік музей-қорығынан басталды. Президенттердің құрметіне Павлов сарайындағы «Грек залы» амфитеатрында «Северная симфония» концерті ұйымдастырылды. Екінші нысан «Царское село» музей-қорығын және Екатерина сарайының залдарын болды.
Орыс императорларының бұрынғы жазғы резиденциясы — Ресейдегі халық көп баратын музейлердің бірі. Бұл мұражайға 2022 жылы 2,9 миллион адам келген.
Президенттердің үшінші экскурсиясы «Петергоф» мемлекеттік музей-қорығының Үлкен Петергоф сарайында жалғасты.
Делегация басшылары 150-ден астам субұрқақтан тұратын музеймен танысты.
Еске сала кетейік, президенттер Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына келген. Жиынға Армения премьер-министрі Никол Пашинян келді. Оны Ресей Федерациясының президенті Путин қарсы алған.