Қазақстанда қос билік жоқ – Ерлан Қошанов

2142
Adyrna.kz Telegram
Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда қос биліктің жоқ екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Журналист «Сіздер құрып жатқан "Жаңа Қазақстан" мен "Ескі Қазақстанны"  арасында текетірес жүріп жатыр деген пікір бар. Бұған себеп экс-президенттің "Астана клубы" жиынына қатысып, Ресей президенті Путинмен кездесуі болып отыр. Халықтың алаңдауына негіз бар ма?» деп Мәжіліс төрағасына сұрақ қойды.

- Халықтың алаңдауына, сіздің де алаңдауыңызға негіз жоқ. Бірінші кезекте, ешбір қосбилік бүгінгі күні жоқ, болуы мүмкін де емес. Бүгінгі күні барлық шешімді халық басым көпшілігімен сайлаған мемлекет басшысы қабылдайды, - дейді ол.

Оның айтуынша, экс-президент мемлекеттік істерге араласпайды. Екіншіден, оның кездесулері, іс-шаралары, жол сапарлары жеке азамат ретінде өзінің құқығын пайдаланғаны.

Еске сала кетейік, экс-президент пен оның қызының халық алдына ұзақ үзілістен кейін қайта шығуы, Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында Мәскеуде болғаны, бұрынғы елбасының желтоқсанда жариялаған естелігі туралы да айтылған еді.

Пікірлер