Қазақстанда жарты жыл ішінде адам саудасына қатысты 100-ден аса қылмыстық іс қозғалған

2216
Adyrna.kz Telegram

28 қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер кәмелетке толмаған жасөспірімдер болып шықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

2023 жылы Қазақстанда адам саудасы бойынша 150 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта Мәжілісте «адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы талқылануда. Бұл құжат адам саудасының алдын алу және онымен күресу, жауапты органдарды анықтайды және осы қылмыстың құрбандарын қорғау үшін шаралар жүйесін енгізеді.

«Мысалы, қазан айында «Қорғас» халықаралық орталығының аумағында сауықтыру орталығы мен қонақ үй кешенінің астында жұмыс істеген притондар мен жасырын казинолардың заңсыз қызметі тоқтатылды. 28 қылмыстық істе кәмелетке толмағандар жәбірленуші болды», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.

Қазақстанда жарты жыл ішінде адам саудасына қатысты 111 қылмыс анықталғаны бұған дейін хабарланған болатын.

Сонымен қатар «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының директоры Шахноза Хасанова жыныстық және еңбек құлдығына жиі ұшырайтын қазақстандықтардың портретін сипаттады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер