Сүйінші! Азия чемпионатында жас шахматшы Елназ Қалиахмет күміс жүлдені иеленді

2183
Adyrna.kz Telegram

Үздік шахматшылар қатарына кірген жас шахматшы Елназ Қалиахмет  Азия чемпионатынан жүлдемен оралды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Аль-Айн қаласында шахматтан Азия чемпионаты өтті. Бұл жарыста қазақстандық жасөспірімдер 5 медальды иеленді.

Дүбірлі жарысқа 41 елден 625 шахматшы қатысып, бақ сынасқан. Қазақстанның намысын қорғап, Алматы облысынан Елназ Қалиахмет, Ерсұлтан Қалиахмет, Алима Өмірсерік, Иманғали Ахилбай, Алихан Назарбек, Жансая Шолпанбек, Рамазан Тулеген қатысты.

12-22 желтоқсан аралығында өткен тартысты бәсекеде блиц түрінен 14 жасқа дейінгі категорияда Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңген қазақстандық - Елназ Қалиахмет.

Азия чемпионатында жас шахматшы Елназ Қалиахмет күміс жүлдені иеленді. Шахматпен айналысып жүргеніне алты жылға жуық уақыт болған оқушы бүгінде он үш жаста. Жастайынан ойын тастарына қызыққан Елназ еліміздегі үздік шахматшылар қатарына енген. Ел намысын қорғаған жасөспірімді аэропорттан туған-туыстары мен жанкүйерлері күтіп алды.

Азия чемпионатында күміс жүлдені иеленген жеңімпаздың қуанышында шек жоқ.

"Жарысқа барлық мемлекеттер қатысты. Жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында блиц бойынша 2-ші орынды иелендім. Бәрі жақсы", - дейді Елназ Қалиахмет.

Халықаралық гроссмейстер Антон Филипповтың шәкірті Елназ Қалиахмет өткен айда Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

 

Пікірлер