Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға 17 қаңтар күні кешкі сағат 20:00 шамасында Хан Шатыр ауданында, Әнет баба көшесінде болған.
Оқиға куәгерлері марқұмның 7 немесе 10-қабаттан құлап кеткен болуы мүмкін екенін хабарлаған.
Жағдайға қатысты Астана қалалық полиция департаменті мән-жайды анықтап жатыр.
"Мәйіттің табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда", – делінген хабарламада.