Дипломатиялық дау. Өзбекстан Ресей елшісіне өз дегенін жеткізді

2414
Adyrna.kz Telegram
Сурет: РИА Новости
Сурет: РИА Новости

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Захар Прилепиннің мәлімдемесіне байланысты Ресейдің осы елдегі төтенше және өкілетті елшісі Олег Мальгиновті шақырып, түсініктеме алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін «Справедливая Россия - за правду» партиясының тең төрағасы, жазушы Захар Прилепин Өзбекстан шекарасын Ресейге қосу қажеттігін айтқан еді.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі мұндай мәлімдемелер екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өтті.

Ресей елшісі Олег Малгинов Прилепин мәлімдемесінің Ресей Федерациясы басшылығының достас және тәуелсіз Өзбекстанға қатысты ресми ұстанымына еш қатысы жоқ екенін хабарлады. Ол сондай-ақ Ресей Сыртқы істер министрлігінің болған оқиғаға қатысты түсініктеме беруді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер