Дүниежүзілік банк Кабулдағы кеңсесін қайта ашты - БАҚ

921
Adyrna.kz Telegram
Фото: World bank
Фото: World bank

Дүниежүзілік банк (ДБ) Ауғанстанның «Талибан» үкіметіндегі Қаржы министрлігімен жүргізілген келіссөздерден кейін Кабулдағы кеңсесінің жұмысын қайта жандандырды. Бұл туралы Tolonews жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Дегенмен, банктің ресми сайтында әзірге мәлімет жоқ.

Tolonews мәліметінше, Дүниежүзілік банк Ауғанстандағы логистикалық және құрылыс компанияларына шамамен 50 млн доллар көлеміндегі қарызды өтеу басталғанын хабарлаған. Бұл төлемдер төрт кезеңде жүзеге асады және Ауғанстан Қаржы министрлігі арқылы жүргізіледі. Алғашқы транш — 10,8 млн доллар,  қалған 39,1 млн доллар келесі үш кезеңде төленеді.

Күтілуінше, бұл қадамдар Ауғанстандағы тоқтап тұрған даму жобаларын қайта іске қосып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және елдің экономикалық ахуалын жақсартуға сеп болмақ.

Экономикалық сарапшы Мир Шакиб Мир бұл шешімді оң бағалады.

«Республикалық кезеңде жұмыс істеп, ақы ала алмаған компанияларға қарызды өтеу – халықаралық донорлардың сенімін қайта қалыптастыруға бағытталған өте маңызды қадам», деді ол.

Сарапшылардың пікірінше, «Талибан» билігі Ауғанстан экономикасын тұрақтандыру және дамыту үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен қайта байланыс орнатуға барынша күш салуы қажет.

Айта кетейік, Дүниежүзілік банк «Талибан» қозғалысы билікке келгеннен кейін Ауғанстанға көмек көрсету бағдарламасын уақытша тоқтатқан болатын. 2020 жылдан бері банк Ауғанстандағы қалпына келтіру және даму жобаларына 5,3 млрд доллар бағыттады. Бұл қаржы ең кедей елдерді қолдайтын Халықаралық даму қауымдастығы (IDA) арқылы берілген. 2021 жылғы сәуірде елде жалпы құны 940 млн доллар болатын 12 белсенді жоба жүзеге асып жатты. Бұған қоса, банкке қарасты “Ауғанстанды қалпына келтіру сенім қоры” арқылы 1,2 млрд долларлық 15 жоба іске асқан.

Дүниежүзілік банк ұйымының ережесі бойынша, қаржылай көмек тек 189 мүше елдің барлығы заңды деп таныған үкіметке ғана беріледі.

2025 жылғы сәуірдегі есебінде банк Ауғанстан экономикасы баяу қалпына келіп жатқанын, бірақ болашағы белгісіз екенін атап өтті. 2024 жылы елдің ІЖӨ 2,5%-ға өскен, негізінен ауыл шаруашылығы, кен өндіру және құрылыс салаларының есебінен. Алайда жан басына шаққандағы табыс артпаған, жастар мен әйелдер арасында жұмыссыздық пен азық-түлік тапшылығы әлі де өткір мәселе күйінде қалып отыр.

Импорттың көбеюі сауда тапшылығын арттырды, ал сыртқы көмектің азаюы экономиканың осалдығын күшейтті. Банктің мәлімдеуінше, банк жүйесі әлсіз, ішкі табыс жеткіліксіз. Сондықтан шұғыл реформалар, жеке секторды қолдау және жастар мен әйелдерге арналған жұмыс орындарын көбейту— елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен дамуы үшін басты міндет.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер