2024 жылы «Бәйтерек» пен «Самұрық-Қазынаға» шетелден қарыз алуға жаңа сома рұқсат етілмек

1059
Adyrna.kz Telegram

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне»  2024 жылы шетелден 17,525 миллиард долларға дейін қарыз алуға рұқсат берілмек, деп хабарлайды "Адырна" сайты.

«2024 жылға арналған квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызының қоса беріліп отырған шекті мөлшері бекітілсін», - делінген Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығының жобасында.

Өтінімге сәйкес, олар 2024 жылы «Самұрық-Қазына» қорына 5 741 720 000 000 теңгеге дейін немесе 12 482 000 000, ал «Бәйтерек» холдингіне 2 319 780 000 400 немесе 5 000 000 теңгеге дейін шетелден қарыз алуға рұқсат бергісі келеді.

АҚШ долларындағы сома $1 үшін 460 т. бағамы бойынша беріледі.

«Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді», - делінген құжаттың түсіндірме хатында.

 

Пікірлер