Қазақстандық компания Украинадағы Ресей әскерін қамтамасыз етті деген күдікке ілінген

1824
Adyrna.kz Telegram
Фото: abai.kz
Фото: abai.kz

Қазақстандық Elem Group компаниясы Украинадағы Ресей армиясын қамтамасыз етті деген күдікке ілінді. Бұл туралы «Азаттық» радиосы жариялады, деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы.

«Азаттық радиосының маусым айында жүргізген тергеуі Ресейдің 2022 жылдың ақпанында Украинаға жаппай басып кіруінен кейін «Стрелой Е-Коммерц» Қазақстанда орналасқан Elem Group еншілес компаниясынан екі мақсаттағы тауарлардың жүздеген жөнелтілімдерін алғанын анықтады», - делінген хабарламада.

Ресейлік компания Қазақстаннан санкцияға ұшыраған жүздеген тауарларды алғаны көрсетілген.

«Кремль Ресейді соғыс уақытындағы экономикаға айналдыруда, бірақ Путиннің соғыс машинасы тек отандық өндіріспен айналыса алмайды. Біздің санкцияларымыз Ресейге өзінің әскери өнеркәсіптік базасын құру және қолдау үшін қажетті құрамдас бөліктермен қамтамасыз ететін үшінші елдердің дайын жеткізушілері мен желілеріне қысымды күшейтуді жалғастыруда», - деді АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен.

Айта кетсек, Elem Group Алматыда 2022 жылдың 14 наурызында тіркелген. Олардың веб-сайтында өнеркәсіптік жабдықтың жобалық логистикасына маманданғандығы айтылған.

Бұған дейін қазақстандық «Аспан Арба» компаниясы Ресейге ұшқышсыз ұшақтарды жеткізіп жатқанын айтылды. Сондай-ақ, қазақстандық екі компания жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ИТС – Астана» ЖШС мен «Тыныс» АҚ украиналық санкцияларға ұшырады.

Пікірлер