Чернобыль атом электр станциясына дрон құлады

1210
Adyrna.kz Telegram

14 ақпанға қараған түні Чернобыль атом станциясының 4-қуат блогының қалқанына ресейлік дрондар соққысы құлады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Өткен түні Ресейдің әскери дроны Чернобыль атом станциясының апатқа ұшыраған 4-қуат блогындағы радициядан әлемді қорғайтын қалқанына түсті», – деп мәлімдеді Зеленский.

Украина төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтерінің мәліметінше, шабуылдан станция блогы орналасқан аймақта радиация көрсеткіші жоғарыламаған.

Зеленский шабуыл жасалған уақытта түсірілген видеоларды әлеуметтік желілерге жариялады. Видеода дрон құлағаннан кейін, станция өртене бастағаны анық көрінді.

Украина төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер жағдайды жіті бақылап отырғанын, радиация деңгейін үнемі тексеріп отырғанын хабарлады.

Ресей жағы әзірге Чернобыльге жасалған шабуыл туралы айыптауларға ешқандай жауап қатпады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер