“Реттеу жұмысы жүріп жатыр”. Ақтауда бірнеше үй жылусыз отыр

1085
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ақтау қаласында бірнеше үй жылусыз қалды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Ақтауда 12 шағын аудандағы бірнеше үйдің тұрғындары жылусыз қалған. Ал жауаптылар бұл мәселенің себебін анықтауда.

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тнәлиев жылусыз қалған тұрғындарды сабырға шақырып, мәселені тез арада шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

12 шағын аудандағы №42, 47, 32, 34 тұрғындары бейнежазба жазған болатын. Біз алдынан бері қалада жылу желілеріне реттеу жұмыстарын жүргізіп келеміз. Қазір 12 ш/а №42, 47, 32 үйге барып тексеріп шықтық. Кейбір пәтерлерде жылу бар болса, кейбірінде жылу жеткілікті деңгейде еместігін көрдік. Жылудың айналымында (циркуляция) мәселе бар. Қазір соны реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар көптеген үйде тұрғындарымыз пәтерішілік жылу жүйесін өзгерткенін байқадық. Мәселен, кейбір тұрғындар батареяны балконға шығарған, айналма (перемычка) құбырлары жоқ. Айта кететін жайт пәтер ішіндегі батарея жарылған жағдайда, оған меншік иесі өзі жауапты. Тұрғындар үйді күтіп ұстауға жауапты мекемемен (ПИК, МИБ) байланыста болып, ортақ жұмыс істеуі керек. Сонда ғана мәселе толығымен шешіледі. Жылу мәселесін бірлесіп жұмыс істеген кезде ғана шешілетіндігін жеткізгім келеді. Барша тұрғындарды сабырлыққа шақырамын. Қазір көптеген нысанда жылуды артығымен (перегрев) пайдалану фактісі анықталуда, аталған мәселені қарастырып, жылу қысымын реттеп жатырмыз. Соңғы кездегі туындаған жылу мәселесі магистральдық құбырдағы апат кесірінен болды. Ол үшін реттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Сондықтан түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз, - деді басшы.

Пікірлер