Кері байланыс
+7 707 676 6977
adyrnaportal@gmail.com

Кентауда қатты желдің салдарынан бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті

1094
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТаг
Фото: ҚазТаг
Кентауда қатты жел салдарынан 20-ға жуық ғимараттың шатыры ұшты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазТаг-қа сілтеп.
Кентауда көп қабатты үйлер мен білім беру мекемелерінің шатырлары ұшып кеткен. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«10 көп қабатты үйдің, тоғыз білім беру мекемесінің шатыры ұшты», - делінген.
Бұған дейін әлеуметтік желіде шатырлары ұшқан ғимараттардың суреті жарияланған болатын. Әкімдік оқиғаның 14 желтоқсан күні қатты жел салдарынан болғанын түсіндірді. Аймақта желдің екпіні 25-30 м/с дейін жеткен.
Пікірлер