Кувейт әмірі Наваф әл-Ахмад ас-Сабах үш жылдық биліктен кейін қайтыс болды

1015
Adyrna.kz Telegram
Фото:  AFP 2023
Фото: AFP 2023

Кувейттің әмірі, 86 жастағы шейх Наваф әл-Ахмад ас-Сабах үш жылдық биліктен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.

Оның қайтыс болғаны туралы мемлекеттік телеарнада хабарланды. Дегенмен, монархтың өлімінің себебі аталмаған.

Тек қараша айының соңында әл-Ахмад Ас-Сабах денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылғаны айтылған болатын.

Кувейттің жаңа әмірі ретінде билікке оның інісі келді.  Жаңа басшы Мишаал әл-Ахмад Ас-Сабах 83 жаста. Ол осы уақытқа дейін әлемдегі ең кәрі ханзада, тақ мұрагері болып саналған.

Айта кетейік, 4,2 миллион халқы бар Кувейт әлемдегі мұнай қоры бойынша алтыншы орынға ие.

Пікірлер