Кувейт әмірі Наваф әл-Ахмад ас-Сабах үш жылдық биліктен кейін қайтыс болды

2842
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/kuvejt-әmiri.jpg
Кувейттің әмірі, 86 жастағы шейх Наваф әл-Ахмад ас-Сабах үш жылдық биліктен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі euronews-ке сілтеме жасап. Оның қайтыс болғаны туралы мемлекеттік телеарнада хабарланды. Дегенмен, монархтың өлімінің себебі аталмаған. Тек қараша айының соңында әл-Ахмад Ас-Сабах денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылғаны айтылған болатын. Кувейттің жаңа әмірі ретінде билікке оның інісі келді.  Жаңа басшы Мишаал әл-Ахмад Ас-Сабах 83 жаста. Ол осы уақытқа дейін әлемдегі ең кәрі ханзада, тақ мұрагері болып саналған. Айта кетейік, 4,2 миллион халқы бар Кувейт әлемдегі мұнай қоры бойынша алтыншы орынға ие.
Comments