Алматыда бір түнде 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді

1188
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз бетінен
Фото: Ашық дереккөз бетінен

Полиция департаменті берген мәліметінше, Алматыға көшелерін қар басуына байланысты 11 желтоқсан сағат 20:00-ден 12 желтоқсан таңғы сағат 06:00 аралығында Алматы жолдарында 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Төрт апаттан адамдар жарақат алған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«ҚазАвтоЖолдың» жағдаяттық орталығы мегаполис маңында машина мен қоғамдық көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерден аса сақ болуды сұрады.

«Сонымен қатар, ауа райының нашарлауына және қар жаууына, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен көлік иелерін көлік дөңгелектерін қысқысына ауыстыруды шақырамыз», - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Қазгидрометтің болжауынша, алдағы бірнеше күн Алматыда аяз болады. Бүгін сынап бағаны 13 градусқа төмендесе, ертең 20 градусқа дейін, ал түнде 25 градусқа дейн төмендейді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер