Назарбаевтың алғашқы анты

2411
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін - Назарбаев алғаш рет президент ретінде ант берген күн, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Осыдан 32 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет президент ретінде ант берген.

Президент сайлауының нәтижесі

1990 жылы Қазақ КСР-інің «Қазақ КСР Президенті қызметін бекіту және Конституцияға (Негізгі заң) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Президенті туралы» Жарлығы қабылданды.

Сол жылдың 24 сәуірінде жоғарғы Ке­ңес­те заң қабылдағаннан кейін, Прези­дентті сайлауда жасырын дауыс беруге қатысқан 335 депутат­тың 317-сі Назарбаевты қол­дап, 18-і қарсы дауыс берген.  Дауыс берудің нәти­­­жесінде Қа­зақ­­стан­ның тұңғыш президенті бо­лып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Президент өз қызметіне кірісті

Ал 1991 жылы 10 желтоқсанда "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы" Қазақ КСР Заңымен Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды.

ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы" қаулы қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. Назарбаев 1991 ж. 10 желтоқсаннан бастап ҚР Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.

1991 жылы өткен президент сайлауында кандидат ретінде Нұрсұлтан Назарбаев тіркелді. Сайлау қорытындысы бойынша экс-президент 98,8% дауыс жинап, ҚР Президенті атанды.

Республика атауы өзгертілді

Сол уақытта жарияланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды.

Дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаевты Мемлекет басшысы ретінде ұлықтау рәсімі өтті.

Пікірлер