Маңғыстау полициясы көліктерді жалға алуға 313 млн теңге жұмсамақ

1565
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Маңғыстау облысының полициясы жеңіл автокөліктерді жалға алуға 313 миллион теңге жұмсауға дайын, деп "Адырна" тілшісі ҚазТаг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мұнайлы өлкенің тәртіп сақшылары жеңіл автокөлікке миллиондаған қаражат бөлмек. Мемлекеттік сатып алу порталында:

"Тапсырыс беруші – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті" ММ; атауы – жеңіл автомобильдерді жалға алу бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы – жүргізушісіз жеңіл автокөлікті жалға беру бойынша қызметтер. Жоспарлы сомасы - 312 857 142,86 теңге", - деп көрсетілген.

Өтінімдерді алдын ала қабылдау мерзімі 14-29 желтоқсан аралығы. Бұл ретте техникалық құжатқа сәйкес сатып алуда көрсетілген жоспарлы сома 2023 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңге бөлінген.

Яғни, белгіленген соманы игеруге екі күн ғана қалуы мүмкін – 30 және 31 желтоқсан.  Техникалық сипаттама: "Егер шарт 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін кеш жасалған жағдайда Тапсырыс беруші шарттың жалпы сомасын азайтуға міндетті" деген бөлім жазылған.

Құжатта "Маңғыстау облысы полиция департаментінің қажеттіліктері үшін жүргізушісіз автокөлік құралдарын жалға алу бойынша" 73 көлікті жалға алу құны 312 857 142,86 теңге деп көрсетілген.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысының полиция департаменті 2022 жылға автокөліктерді жалға алу бойынша екі лоттан тұратын жалпы сомасы 555 млн теңгеге байқау жариялаған болатын.

Пікірлер