Махаббат мұнарасы маңында. Ер адам туристерге пышақпен шабуыл жасаған

1371
Adyrna.kz Telegram
Фото: Stephanie Lecocq
Фото: Stephanie Lecocq

Париждегі Эйфель мұнарасының жанында белгісіз біреу туристерге шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі BFMTV порталына сілтеме жасап.

Париждегі әйгілі мұнара Эйфельдің жанында белгісіз біреу туристерге пышақпен шабуыл жасаған. Деректерге сай,  бұл әрекет Гренель жағалауы аймағында болған.

Шабуылдаушының құрбаны Германия мен Филиппин азаматтығы бар турист болды. Ол алған жарақат салдарынан көз жұмды.

Белгісіз ер адам "Аллаһу әкбар!" деп айқайлап, сол маңайдағы тағы екі адамды жаралған. Полиция оны ұстау үшін электр шокерді пайдаланып, біраз күш жұмсаған.

Шабуылшы сенбі күні кешкі сағат 21:30 шамасында Хакейм көпірінің жанында қамауға алынды. Париж прокуратурасы "кісі өлтіру" және "кісі өлтіруге оқталу" баптары бойынша тергеуді бастады.

Шабуылшы "s тізіміне" (ықтимал қауіпті радикалданған исламистердің тізімі) еніп, психикалық ауытқуы бар екені анықталды.

Кейіннен шабуылдаған 26 жастағы Франция азаматы болып шықты. Ол бұған дейін де радикалды әрекеттері арқылы бірнеше рет істі болған.

"Тұтқынға алынғаннан кейін ер адам Ауғанстан мен Палестина мұсылмандарының қырылып жатқанына шыдай алмайтынын айтты", - деді Франция ішкі істер министрі Жеральд Дарманин.

Пікірлер