Өзбекстан Сенаты аралас сайлау жүйесіне көшуді мақұлдады

1243
Adyrna.kz Telegram
Фото: Олий Мәжілісінің баспасөз қызметі
Фото: Олий Мәжілісінің баспасөз қызметі

Көршілес Өзбекстан мемлекеті Олий Мажлісінің Сенаты республикада сайлау және референдум өткізу тәртібіне қатысты жаңа заңды мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Сенат Өзбекстанда өкілді органдарға сайлаудың аралас, яғни мажоритарлық және пропорционалды жүйесін енгізуді мақұлдағанын хабарлады.

Сенаттың қырық жетінші пленарлық отырысында сенаторлар "Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мен референдум өткізу тәртібін одан әрі жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңды талқылап, мақұлдады.

"Заңға сәйкес бір мандатты және бірыңғай сайлау округтері көзделеді, заң шығару палатасының 75 депутаты мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша бір мандатты округтерден, ал қалған 75 заң шығару палатасының депутаттары пропорционалды сайлау жүйесі (партиялық тізім) бойынша саяси партияларға берілген дауыстар негізінде бірыңғай округтен сайланады", — делінген хабарламада.

Пікірлер