Қазақстандық каскадерлер шетелдік "Наполеон" фильміне түсті

1190
Adyrna.kz Telegram
Фото: orda.kz
Фото: orda.kz

Қазақстандық каскадерлер шетелдік киноға түсуде, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Orda.kz-ке сілтеп.

Британдық режиссер Ридли Скотттың «Наполеон» атты жаңа фильмінің түсіріліміне қазақстандық каскадерлер қатысты.

22 қарашада «Наполеон» атты жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтті. Фильм Қазақстанның кинотеатрларында 23 қарашадан бастап көрсетіле бастаған.

«Біз Ридли Скотт жобасына Үндістанда бірге жұмыс істеген каскадерлік үйлестіруші Ник Пауэллдің ұсынысы арқылы түстік. «Наполеон» фильміндегі барлық трюктерге оның әпкесі Никки хореографиялық  жағынан жетекшілік етті. Түсірілім аяқталғаннан кейін ол жігіттерге жұмысы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар олардың қандай кәсіпқой екенін алдын ала білсе, Қазақстаннан көбірек каскадер шақырар едім деді», - дейді «Nomad Stunts» халықаралық каскадерлар тобының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожинов.

Пікірлер