Тегін 10 сотық жер. Енді тек инфрақұрылым жүргізілген телімдерден ғана беріледі

1098
Adyrna.kz Telegram
Фото: shutterstock.com
Фото: shutterstock.com

Қазақстандықтарға берілетін 10 соттық тегін жер енді тек инфрақұрылым жүргізілген телімдерден ғана беріледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Ақпаратқа сәйкес, су мен жарық тартылмаған учаскеге үй салуға рұқсат жоқ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бұрыннан кезекте тұрған азаматтарға қайтадан өтініш берудің қажеті жоқ, олардың кезегі сақталады. Тізім жергілікті атқарушы органның автоматтандырылған жұмыс орнында, есепке қойылуына қарай қалыптастырылады.

Ережеге сәйкес жер телімі өтініш арнайы есепке қойылғаннан кейін ғана беріледі. Ал арнайы есепті жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Егер үй салынбаса жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл өзгерістер азаматтарға жер телімін әділ әрі мақсатты түрде үлестеру үшін жасалып отырғанын айта кеткен абзал.

Бұрын мұндай талап болмаған. Сол себепті ел азаматтары өзі қалаған аймақтан жер алуға өтініш берген және ондай адамдардың саны 4 миллионнан асады. Енді өтініш берілген аймақта инфрақұрылым желісі жүргізілмесе, кезек жылжи береді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер