“Елдің әл-ауқаты жақсарған”. Министрдің билет бағасына орай айтқаны

2259
Adyrna.kz Telegram
Фото: gladysliu.com
Фото: gladysliu.com

Көлік министрі Марат Қарабаев әуе билеттерінің қымбаттауын халықтың әл-ауқатының өсуімен түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазТаг-қа сілтеп.

Министр Қарабаев Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуде:

"Ұшулардың қолжетімділігі-қоғамда жиі талқыланатын мәселе. Билеттер қымбат-біз мойындаймыз. Қазір біз жаңа лоукостер мен халықаралық компанияның қазақстандық нарыққа шығу мәселесін пысықтап жатырмыз", - деді.

Көлік министрлігінің сөзінше, "бәсекелестік пайда болады-билет құны төмендейді".

"Сонымен қатар, азаматтардың әл-ауқаты да үнемі өсіп келеді. Бұл әуе тасымалдарға сұраныстың жыл ішінде 27% - ға өсуімен айғақталады. Оны қамтамасыз ету үшін біз жаңа ұшақтарды сатып ала бастадық. Биыл тағы 11 ұшақ сатып аламыз, содан кейін Қазақстанда 100 ұшақ болады. Ал 2025 жылға қарай отандық жолаушылар әуе компанияларының 145 жеке борты болады деп жоспарлап отырмыз. Сондай - ақ, жаңа әуе маршруттарды іске қосу жоспарымызда бар", - дейді Қарабаев.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер