Павлодар мен Омбы облыстарының шекарасында АН-2Т тиелген МАЗ көлігі ұсталды, деп "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен бірлесіп, АН-2Т әуе кемесін тасымалдау фактісін анықтады. Бұл туралы Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау бөлімі басшысы Мақсұт Қантарбаев сенбі күні мәлімдеді.
«Амангелді» автокөлік өткізу пунктінде («РФ Омбы облысының шекарасы») «МАЗ 54323» маркалы көлікті тексеру барысында салмағы 3 тонна 600 кг болатын АН-2Т ұшағы тасымалданып жатқаны анықталды. Оның бағалау құны – 1 800 000 ресей рублі», – деді Қантарбаев.
Ұшақты азамат М. аукционнан жеке мақсатта сатып алған. Алайда шекарадан өткен сәтте азамат М.-нің арнайы тауарларды сәйкестендіру туралы қорытындысы болмаған. Бұл құжат белгілі бір тауардың азаматтық немесе әскери мақсатта қолданылатынын анықтау үшін қажет.
Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының қаулысымен азамат М. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 50 мың теңгеден астам көлемінде айыппұл салынды.