Нұржан Әлтаевқа қатысты сот үкімі шықты

1735
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik
Фото: Sputnik

Сот Нұржан Әлтаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы жазады.

«Н.Б. Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау Вице-министрі, кейіннен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А. И. Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталған. 2018-2020 жылдар кезеңінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол А. И. Мырзахметовтың мүддесі үшін әрекет еткен, сондай-ақ оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды қабылдауға үлес қосты және жалпы қамқорлық жасады», - деп жазылған хабарламада.

Прокурор Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот жабық есік жағдайында өтіп, айыпталушы ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, 7 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаевты аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұстаған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер