Қазақстанда тағы бір жол ақылы болады

1184
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз беттерінен
Фото: ашық дереккөз беттерінен

Бірінші желтоқсаннан бастап Қазақстанда тағы бір ақылы жол пайда болады. Тиісті бұйрыққа көлік министрі Марат Қарабаев қол қойды, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Басқарма басшысы 2023 жылғы 3 қарашадағы «Орал қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін (Саратов қаласына) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығына қол қойды.

Бұйрыққа сәйкес, II санаттағы Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Орал – Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа) трассасының учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

Бұл ретте өткел қосалқы жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: республикалық маңызы бар Атырау – Орал автомобиль жолының Орал – Чапаево учаскесі, республикалық маңызы бар Чапаево – Жалпақтал – Казталовка автомобиль жолы – Ресей Федерациясының шекарасы.

Бір бағыттағы бүкіл маршрут үшін жол жүру құны:

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 142 теңге;
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 284 теңге;
32 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 426 теңге;
Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 568 теңге;
Жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк көліктері, тіркемелерді, жүк тракторларын қосқанда – 710 теңге.

Ақылы жолдың ұзындығы 98,9 шақырымды құрайтыны атап өтілді. Ақылы жолдың қызмет ету мерзімі – 20 жыл.
Сонымен қатар ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем бар. Бір айда абонементтің құны көліктің жүк көтергіштігіне байланысты 1-ден 5 АЕК-ке дейін (2023 жылы 3450-ден 17 250 теңгеге дейін) құрайды. Сондай-ақ жолдың ақылы учаскесі бойынша жылдық жол ақысын бірден төлеуге болады. Абонементтің бағасы 12-ден 60 АЕК-ке дейін (2023 жылы 41 100-ден 207 000 теңгеге дейін).

Айта кетейік, бүгін үкіметте өткен брифингте «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев бүгінде Қазақстанда 2300 шақырым ақылы жол бар екенін айтқан болатын. Бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдарға қандай тариф қолданылатынын айтқан болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер