Мюнхенде көлік ереуілге шыққандарды қаққан

1221
Adyrna.kz Telegram
Фото: ria.ru
Фото: ria.ru

Мюнхенде Mini Cooper ереуілге шыққан жұмысшылар тобын қағып, 28 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

"20 адам жарақат алды, кейбірінің жағдайы ауыр", — делінген материалда.

Жергілікті БАҚ Mini Cooper-дің ереуілге шыққан жұмысшылар тобын қаққанын және оқиға орнына жедел жәрдем көліктерінің жеткенін хабарлады.

Мюнхен полиция департаменті адамдарды қаққан көлік жүргізушісінің ұсталғанын хабарлады. Ол 24 жастағы ауған азаматы екені анықталды.

"Полиция көлігінің артында келе жатқан көлік колоннаға жақындады. Содан кейін оза түсіп, жылдамдығын арттырып, наразылық білдірушілер колоннасының артқы жағына жетті. Полиция шабуылдаушыны ұстады. Автокөлікке бір оқ атылды. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта кем дегенде 28 адам жарақат алған, олардың кейбірінің жағдайы ауыр", — деді полиция өкілі.

Қазіргі таңда зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр. Күдікке ілінген жүргізуші пана іздеуші мәртебесіне ие болған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер