Ақтаудағы NIS Әзербайжандағы мектеппен ынтымастық туралы меморандумға қол қойды

1306
Adyrna.kz Telegram

Ақтау қаласындағы NIS-те  «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ 15 жылдығына орай «Мәдени диалог: Қазақстан және Әзербайжан» атты халықаралық форумы өтті.

Шетелдегі мектептермен ынтымақтастықты арттыру мақсатында өткізілген форумға Әзербайжандағы Азер және Натик Новрузовтар атындағы №36 мектеп өкілдері арнайы Қазақстанға ұшып келді. Сондай-ақ, шараға «Әзербайжан орталығы» қоғамдық қорының директоры, Ақтау қаласындағы Әзербайжан Бас консулының кеңесшісі, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушысы Оруджов Илькин Юсиф оглы, «Kaz Fruit» компаниясы басшысы Сафаров Замин Джафароглы арнайы қатысты.

 

«Серіктес мектептер» жобасы аясындағы форумда сөз сөйлеген Баку қаласындағы Новрузовтар атындағы №36 мектеп директоры Джафарова Гюльнара Афганқызы бұл жүздесу  жаңа жобалардың бастауына айналатыны анық екендігін айтты.

-  Бұл жобаның бізге де, сізге де берері мол. Екі тараптың жинақталған тәжірибелері мен білімдерін бөлісу арқасында жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген үміттеміз,-деді №36 мектеп директоры Гюльнара Джафарова

Екі тараптан да көптеген ұсыныстар айтылып, бірқатар бағытта мектеп үшін де маңызы бар мәселелер талқыланды. Форум ашылу салтанаты соңында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

- Екі жақты қызметті жақсартуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум алдағы уақытта бірлескен жобаларды дайындау және өткізуге үлкен мүмкіндіктер мен жетістіктерге жеткізетіні сөзсіз,- деді Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ринат Жумабаев

Форум өте нәтижелі өтіп, өзара мүдделі тараптар байланысты нығайтуда бірлесе қызмет етуге ниетті екендіктерін білдіріп, алда тығыз байланыста болуға уағдаласты.

Кездесу соңында қонақтар арнайы Әзербайжаннан әкелген ағашты  мектеп ауласына отырғызды. Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын бұл дәстүр екі жақтың достығы ағаш тамырындай жайыла берсін деген ниетте егілді.  

Пікірлер