Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін зерттеу жұмыстары басталды

1977
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/036a993a-03a9-476b-b533-e6e3001dbab6-960x500.jpeg?token=1137d1304f2fbc6a43928d3ef4f4a479
25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін зерттеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Осыған дейін анықталғандай қара жәшікті зерттеу жұмыстарына Қазақстан, Әзербайжан мен Ресейдің тергеушілері қатысып жатыр.
"Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін виртуалды шындықты пайдаланып графикалық реконструкция жасау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Әзербайжан мен Бразилияның ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, қара жәшіктен алынған ақпарат Қазақстанның авиациялық оқиғаларды тергеу департаментіне жіберіледі. Еске сала кетейік, Ақтау маңында Әзербайжан мемлекетіне тиесілі ұшақ құлап, бірнеше адам қаза тапқан болатын. Ал жараланғандар екі-үш күннен соң Әзербайжанға жіберілді.
Комментарии