"Байланыстамын". Балалар омбудсмені Қонаевтағы жағдайдан хабардар екенін айтты

1466
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қонаевта екі полиция қызметкері 14 жастағы қызбен жыныстық қарым-қатынасқа түскені туралы ақпарат тараған болатын. Қазір қос күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы "Не Молчи!" қорының басшысы, құқық қорғаушы Дина Таңсәрі мәлімдеді. Әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен қос полицей әрекеттерін видеоға түсіріп алғаны айтылған.

Істі бақылауға алған құзырлы орган экс-полицейлерді ұстады.

«Биылғы 7 қарашада полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданды. Сол күні қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша облыстық полицияда тіркелді», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2000 және 2001 жылдары туған күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстаған. Тергеу нәтижелері бойынша олар қамауға алынды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева зорланған қыздың отбасымен байланысты екенін жазды.

«Қонаев қаласында болған кәмелетке толмаған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысқа қатысты. Қыз баланың туыстарымен байланыстамын, баламен психологтар жұмысты бастайды деп келістік. Тергеу шаралары жүріп жатыр», - деп жазды Зәкиева.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында оқушы қызды зорлаған полицейлер қамауға алынғаны хабарланды. Оларға кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатысты қылмыс жасады деген айып тағылған.

Пікірлер