Йеменнің Эль-Бейда провинциясында мешіттердің біріне белгісіз біреу граната лақтырып, бей-берекет оқ жаудырған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Al Hadath телеарнасына сілтеме жасап.
Шабуыл салдарынан 9 адам көз жұып, 12 адам жараланған.
Оқиға 7 маусым күні Карн-эль-Асад ауылында кешкі намаз кезінде болған. Жараланғандардың арасында 12 жастағы бала да бар.
Al Hadath телеарнасының мәліметінше, шабуыл жасаған адам психикалық ауытқудан зардап шегуі мүмкін. Ол шабуылдан кейін шамамен бір жарым сағат өткен соң ұсталған.