Бүгін - студенттер күні. Алматыда оларға жеңілдік бар

1678
Adyrna.kz Telegram
Сурет: qazaly.kz
Сурет: qazaly.kz

Халықаралық студенттер күнін мерекелеуге арналған «Almaty Students Week» акциясы аясында Алматы қаласының әкімдігі қала кәсіпкерлерімен бірлесіп студенттерге жеңілдіктер жасау акциясын бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

17 қараша күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін «Медеу» биік тау мұз айдыны қала студенттеріне коньки тебуге тегін кіруді қамтамасыз етеді.

Бүгін Алматы жастары Мемлекеттік орталық мұражайға да тегін кіре алады.

Бұдан бөлек көптеген дүкен, дәмхана, мейрамханалар мен кинотеатрлар жастарға жеңілдетілген баға ұсынады.

17 қарашада «SaparLa Travel» студенттерге 10% жеңілдік береді, «Нұрлы Саз» домбыра курстарын 50% жеңілдікпен сатып алуға болады.

«Kulshe qyz»-да тәттілер мен торттар - 30% - ға, «Отбасы Хрестоматиясы» кітаптары 20%-ға дейін төмендейді.

«Tagam», «Тамшы»,«Бауырдақ» qazaq fastfood, «KELIN» сынды тамақтану орындары студентьерге 15 %-дан 30%-ға дейін жеңілдік жасайды.

Ал Kinopark & Kinoplexx кинотеатрлар желісі 17 қарашада таңертеңнен түнгі 24:00-ге дейін мегаполистің барлық студентіне арналған «Бесбармақ» қазақстандық жастар комедиясына 500 теңгелік билеттер ұсынады. Аукцион бағасы бойынша билетті студенттік билетті көрсеткен кезде келесі кинотеатрлардан сатып алуға болады:

1. Кинопарк Есентай 11, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

2. Kinopark 5 Premium Forum, Сейфуллина көш., 617

3. Kinopark 4 Globus, Абай даңғылы, 109в

4. Кинопарк 5 Атакент, Тимирязева көш., 42

5. Кинопарк 8 Мәскеу, 8 шағын ауданы, 37/1

6. Киноплекс Сары-Арқа, Алтынсарина көш., 24а

7. Kinoplex Almaty Mall, Жандосова к-сі, 83

8. «Спутник» кинопаркі, Мамыр-1 шағын ауданы, 8а

9. Достық Плаза кинотеатры, Самал-2 шағын ауданы, 111

10. «Арман» кинотеатры, Достық даңғылы, 104

«Sputnik Mall», «MEGA Alma-Ata», «MEGA Park», «ЦУМ» сынды сауда орталықтарында да бірнеше жеңілдік қарастырылған.

Пікірлер