Сирия президентін тұтқындауға халықаралық ордер берілді

1480
Adyrna.kz Telegram
Фото: Anadolu
Фото: Anadolu

Сирия президенті Башар Асад және оның ағасы Махер мен екі сириялық генерал адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Құқық қорғаушылар сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Euronewsжариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Франция соты Сирия президенті Башар Асадты бейбіт тұрғындарға қарсы тыйым салынған химиялық қару қолданды деген айыппен қамауға алуға халықаралық ордер берді.

Сондай-ақ президенттің ағасы Махер әл-Асад пен сириялық екі генералды қамауға алуға ордер берілді.

Ақпаратқа сәйкес, құқық қорғаушылар Сирияда 2013 жылы тамыз айында Дума қаласы мен Шығыс Гута аймағында зарин газы қолданылған химиялық шабуылдарға байланысты сотқа шағым түсірген. Ол кезде 1000-нан астам адам қайтыс болған.

Пікірлер