"Билікке қиын болады". Имаммен жарыса сәлемдескендердің әрекеті қызу талқылануда

2471
Adyrna.kz Telegram
Фото: кадрдан алынған
Фото: кадрдан алынған

Әлеуметтік желілерде көпшіліктің мешітке келген имаммен жарыса сәлемдескен видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мешітке келген көпшілік имаммен "Аллаһу әкбар" деп бар даусымен жарыса сәлемдескен видео әлеуметтік желіде желдей ескен.

Желі қолданушылардың бірі мешіттегі жамағаттың бұл әрекетін "оң" деп таныса, ендігі бірі бұл әрекетті құптамайтынын айтады.

Ал қоғам белсендісі Ғалым Байтук желіде имамға адамдардың осыншалық табына амандасуын, қателікке балайды.

Өзінің Facebook парақшасында желі белсендісі Ғалым Байтук Атыраудағы "Иманғали" мешітінде болған жағдайға қатысты пікірімен бөлісті.

"Егер бұл "жаңа кумирді" Сатыбалды және сол секілділер жасаған болса, бұл өте қорқынышты. Онда "өзіңді пұт етпе" деген өсиет бұрыннан бұзылғаны. Бұл кісінің бір сөзімен-ақ жаңа қаңтар орын алуы мүмкін", - деп жазды Байтук.

Ол имамның өзінің имиджін қалыптастыруда жақсы жұмыс істейді деп санайды. Сондай-ақ имамға көптің "табынғанына" Қазақстанның қазіргі үкіметінің қатысы болса, елдің жағдайы жақсармайтынын да қоса кетті.

Пікірлер