Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды

1276
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Астанада әйелінің өліміне қатысты бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Астана қаласының полиция департаменті мейрамханадағы әйел өлімі фактісі бойынша тергеу «Адам өлімі» ҚР ҚК 99 бабы, 1 тармағына сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Күдікті Астана қ. ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген хабарламада.

Айталық, істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізіліп жатқаны көрсетілген. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында.

Естеріңізге салайық, бұрынғы Ұлттық экономика министрі  Қуандық Бишімбаев «Бау» мейрамханасында әйелін соққыға жыққан. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ішкі істер министрлігі оның ұсталғанын растағанын жазған едік.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер