Макрон Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды. Израиль премьері Макронның үндеуіне жауап қатты

1639
Adyrna.kz Telegram

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Газадағы соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады. Артынша Израиль премьері Макронның үндеуіне жауап қатты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Израиль қазіргі таңда бейбіт халықты бомбалауда. 100 пайыз солай болмаса да, басым бөлігі солай. Әйелдер, балалар бомба астында қалып жатыр. Бұл – соғыс ережесіне қарсы! Біз бұл әрекетті тоқтатуға шақырамыз! ХАМАС лаңкестеріне қарсы операция нақты болуы тиіс!», - деді.

Ал Израиль премьері Биньямина Нетаньяху Макронның бұл үндеуіне былай деп жауап берді:

«Израиль әскері бейбіт тұрғындарға залал келтірмеу үшін барлығын жасауда. Өлген бала-шаға, кепмір-шалдың кінәсі ХАМАС-тың мойнында. Бізді емес, соларды айыптаңыз. Олар бейбіт халықты қалқан етуде», - дейді ол.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер