7 айлық нәресте сақина жұтып қойған

1903
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы
Фото: Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы

 Таразда жеті айлық бала сақина жұтып қойған. Дәрігерлер нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 7 айлық нәресте жұтынудың қиындауы, мазасыздану шағымдарымен ауруханаға түскен. Ата-анасы бала бөгде зат жұтып қойғанын айтқан. Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде кішкентай науқасты хирург кезекші Валиев қабылдаған. Нәтижесінде, аспаптық зерттеу әдістерін қолдану арқылы баланың өңешінен металл зат сақина табылды.

Сондай-ақ бөтен затты алып тастау үшін хирургиялық ота жасау мақсатында нәресте шұғыл түрде хирургия бөліміне жатқызылды.

«Мұқият дайындықтан кейін тәжірибелі дәрігерлер – балалар хирургиясының ординаторы Әлімжан Әукенов, анестезиолог Мұратбаевтан құралған операциялық топ операцияны сәтті орындап, емделгеннен кейін бала аман-есен үйіне шығарылды», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, осыған дейін бір жасар бала моншақ жұтып қойып, ауруханаға түскен еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер