Қоқыстағы нәресте. Оқиғаға қатысты деректер белгілі болды

1057
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестенің денесі қоқыс контейнерінен табылған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде 44 жастағы әйел анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресми деректерге сәйкес, әйел 22 ақпан күні кешкі сағат 20:00 шамасында үйінде жалғыз босанғанын айтқан. Оның айтуынша, сәби өмір белгілерінсіз дүниеге келген. Кейін нәрестені қоқыс жәшігіне апарып тастаған.

Тергеу барысында әйелдің жалдамалы пәтерде тұратыны және бұған дейін жүктілік бойынша есепке алынбағаны белгілі болды. Ол 2024 жылдың сәуір айында медициналық тексеруден өткен, бірақ дәрігерлерге жүктілігі туралы хабарламаған. Әйелдің бес баласы бар және психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрмайды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс бастағанын хабарлады. Әйел амбулаторлық бақылауда, жағдайы қанағаттанарлық.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер