Тұтқындарды қорлау. ҚАЖ департаменті жанжалды видеоға жауап берді

1292
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қарағанды ​​облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті тұтқындарға жасалған зорлық-зомбылық көрсетілген видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде резонанс тудырған видео жарияланды. Кадрдан киімсіз тұтқындардың еденнен су жинау үшін шүберектерді пайдаланғанын көруге болады. Жазба авторлары бұл оқиға Қарағанды ​​облысы Долинка ауылындағы №31 мекемеде болғанын алға тартады.

Облыстық полиция департаменті видеоның бұрын түсірілгенін мәлімдеді.

«Бұл факт бұрын болған. Қызметтік тексеру жүргізіліп, қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін құқық қорғау ұйымдарының өкілдері мекемеге сапар ұйымдастырды. Сонымен қатар, сапар қорытындысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы сотталғандардың туыстарымен кездесу өткізді», - деді Қарағанды ​​және Ұлытау облыстары бойынша қылмыстық атқару жүйесі басқармасының басшысы Бекболат Шәкіров.

Ол бүгінде колониядағы жағдай тұрақты және қылмыстық атқару жүйесі басшылығының бақылауында екенін айтты.

Пікірлер