Петропавлда төтенше жағдай жарияланды

2100
Adyrna.kz Telegram

Петропавлда кәріздегі апатқа байланысты төтенше жағдай енгізілгені хабарланды, - деп жазады "Адырна" тілшісі Petropavlovsk.news басылымына сілтеме жасап.

Петропавл әкімі Жуков пен Нұрсұлтан Назарбаев көшелерінің ауданындағы кәріз коллекторында болған апатқа байланысты төтенше жағдай енгізілгенін хабарлады.

Коллектор 1956 жылы салынған деп хабарлайды. Құрылыстың тозуы салдарынан апаттар жиілеп кетті. Коллектордың толық тоқтап қалуына жол бермеу үшін бұл аумаққа жедел жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Қала әкімдігі коллекторды жедел жөндеу үшін жергілікті техногендік төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Тиісті құжат қазір нормативтік құқықтық актілер порталында қаралуда.

"Әзірге коллектор жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдай аясында 700 метр кәріз құбырын тез арада жөндейміз. "Қызылжар су" жұмысын бастады", - деді әкімдік отырысында қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Төтенше жағдай 9 қарашада енгізіледі деп хабарланды. Коллектор зерттеліп, «Қызылжар су» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын бастап жатыр. Бұл мәселе облыс, қала басшылығының бақылауында. Қала әкімдігі де алаңдауға негіз жоқ екенін, жұмыс әдеттегідей жүргізілетінін айтты.

Жергілікті басылым атап өткендей, бұл Петропавлда соңғы бір айдағы екінші ірі кәріз құбырының жарылуы. 18 қазанда Абай көшесінде тағы бір коллекторда ірі апат болды. Жөндеу жұмыстары жақында ғана аяқталды. Ал жол жүруге рұқсат бірнеше күн бұрын ғана ашылған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер