Орындықтан құлаған сәбидің көзіне пышақ кіріп кеткен

247
Adyrna.kz Telegram

Петропавлда сәби орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен, деп хабарлайды "Адыран" ұлттық порталы.

Ол өте ауыр жағдайда облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді.

Төтенше жағдай 19 желтоқсан күні болған. Сағат 14:05-те облыстық көпсалалы балалар ауруханасына 3 жасар бала жедел жәрдеммен түсті.

Анықталғандай, бала ас үйдегі орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен. Әйел көзінен пышақты суырып алғанда, бала есін жоғалта бастаған. Оның сол жақ көз ұясы жараланған.

“Реанимациялық шаралар дереу басталып, сәтті өтті, жүрек-өкпе қызметі қалпына келтірілді, инотропты қолдаумен гемодинамика бақыланады. Дереу барлық қажетті дәрігерлердің, соның ішінде нейрохирург пен офтальмологтың кеңесі шақырылды”, – дейді дәрігерлер.

Нәрестеде ашық бас сүйек-ми жарақаты, ми контузиясы, көзінде пышақ жарақаты бар. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Пікірлер