Әулиелер күнінде. Макрон Астанада Орталық Азиядан уран жеткізу мәселесін талқылауы мүмкін

1244
Adyrna.kz Telegram

Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстан мен Өзбекстанға ресми сапары барысында республиканың АЭС-терін уранмен қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Politico жазды. 

Франция президенті Эммануэль Макрон 1 қарашада Қазақстанға, 2 қарашада Өзбекстанға ресми сапармен келеді. «Сапар Орталық Азияның осы екі елімен қарым-қатынасын тереңдету аясында өтеді», - деп атап көрсетті Елисей сарайы. Астана мен Ташкентте сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастық пен көлікті нығайту мәселелері талқыланады. Дегенмен, уран жеткізу бойынша келіссөздер алдыңғы қатарға шығып отыр.

Франция Қазақстан мен Өзбекстанды реформалар мен модернизациялау негізінде қолдайды, серіктестіктерді әртараптандыруға жәрдемдеседі, олардың тәуелсіздігі мен егемендігін қолдайды, сондай-ақ Еуропамен байланысты нығайтуға ұмтылады, деп атап өтті президент Макрон әкімшілігі.

«Біздің міндетіміз - біз білетін, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен американдық серіктестерімізбен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан осы аймақта (Орталық Азияда - Адырна) қарым-қатынасымызды дамыту», - деп келтіреді Agence-France-Press (AFP) Елисей сарайындағы мәліметті негізге алып.

Франс Пресс агенттігі «Украинадағы қақтығыстар аясында Орталық Азия елдерінің негізгі экономикалық және әскери серіктесі ретінде Ресей Федерациясының аймақтағы ықпалы әлсірейді» деп мәлімдейді. «Ықпал үшін жарысқа» АҚШ пен ЕО-дан басқа Қытай мен Түркия да қатысуда, деп атап көрсетеді Франс Пресс. Осыған орай Франция Президенті Орталық Азияға өнеркәсіп және сыртқы сауда министрлерімен бірге сапар шегуді ұйғарды, сондай-ақ Францияның ірі энергетикалық компаниялары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары да сапарда бірге жүреді.

Еске сала кетейік, бүгін 1 қараша Францияда - католиктердің Күллі әулие күні атап өтіледі. 15 тамыз және 1 қаңтар сияқты, 1 қараша да Францияның Еңбек кодексінде көрсетілген он бір мемлекеттік мерекелердің бірі болып табылады.

Сондай-ақ, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эммануэль Макронның жауап сапары. Қазақстан президенті өткен жылдың қараша айында Парижге барып, Макронмен келіссөздер жүргізген болатын. Қазақстанға сапарының алдында Франция президенті Қарағандыдағы апаттан қаза тапқандарға қазақ тілінде жазба қалдырып көңіл айтты.

 

Пікірлер