«Аллахуакбар» деп айқайлаған. Францияда пышақпен шабуыл кезінде бір адам қаза тапты

946
Adyrna.kz Telegram

Францияның шығысындағы Мюлуз қаласында Конгоны қолдауға арналған демонстрация кезінде шабуыл жасалып, бір адам қаза тапты, екі полиция қызметкері ауыр жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BBC-ге сілтеме жасап.

Оқиға орнында 37 жастағы алжирлік азаматы ұсталған. Ол бір полицейді – мойнынан, екіншісін – кеудесінен пышақтаған. Ал оған тосқауыл болуға тырысқан азамат пышақ жарақатынан көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, күдікті шабуыл кезінде «Аллахуакбар» деп айқайлаған. Франция прокуратурасы бұл оқиғаға терроризм бабы бойынша тергеу бастағанын мәлімдеді.

Жергілікті прокурордың мәліметінше, қылмыскер терроризмге күдіктілер тізімінде болған және оны елден депортациялау туралы шешім қабылданған.

Президент Эммануэль Макрон бұл оқиғаның «исламистік теракт екеніне еш күмән жоқ» деп мәлімдеді.

Макрон қаза тапқан адамның отбасына көңіл айтып, Франция үкіметінің терроризммен күресті жалғастыратынын баса айтты.

Франция премьер-министрі Франсуа Байру X әлеуметтік желісінде оқиға қатысты пікірін жазды.

«Фанатизм тағы да соққы жасады, біз қайғырып отырмыз», – деді ол

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер