Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің қарызы туралы ақпарат жиналды

1276
Adyrna.kz Telegram
Фото: t.me/KZgovernmen
Фото: t.me/KZgovernmen

Қарағанды облысының әкімі шахта жарылысынан зардап шеккен шахтерлердің жағдайы туралы  айтты. Ол медициналық мекемелерде дәрігер бақылауында 27 кенші қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Әкімнің сөзінше, шардап шеккен кеншілер барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Біреуінің жағдайы ауыр, 24-і орташа ауыр, екеуі қанағаттанарлық жағдайда.

– Қаза тапқан Шахтердің әр отбасына басқарма басшылары мен депутаттар тағайындалды. Олар жерлеу рәсімінде отбасылармен бірге жүреді, тиісті төлемдерді бақылайды және ағымдағы тұрмыстық мәселелерді шешеді. Жерлеу және көлік беру бойынша қажетті көмек көрсетіледі. Сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен, жақын және алыс шетелдерден туыстары мен жақындарының келуі және жеткізілуі бойынша жәрдем көрсетіледі, –  деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ол әр отбасына деген көзқарас жеке екенін, ол үшін әлеуметтік портрет жасалғанын атап өтті. Көп балалы отбасылар, сондай-ақ жалғыз асыраушылары мен кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар анықталды. Қаза тапқандардың ипотекалық және өзге де кредиттері және олардың тұрғын үй жағдайлары бойынша ақпарат жиналды.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер